Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы КОНСУЛДЫҚ КОНВЕНЦИЯ (Варшава қ. 1997 ж. 27 қараша)

Информация о документе
Датачетверг, 27 ноября 1997
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 27 ноября 1997

Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы
КОНСУЛДЫҚ КОНВЕНЦИЯ
(Варшава қ. 1997 ж. 27 қараша)

 

2006 жылғы 4 шілдедегі № 155-III ҚР Заңымен ратификацияланды

 

Қазақстан Республикасы мен Поляк Республикасы,

достықты нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге ерік білдіре отырып,

екі мемлекет арасындағы консулдық қатынастарды реттеу және дамыту тілегін басшылыққа ала отырып,

1963 жылғы 24 сәуірдегі Венада қол қойылған Консулдық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясының ережелері осы Конвенцияда егжей-тегжейлі көрініс таппаған мәселелерде қолданылатынын растай отырып,

осы Консулдық конвенцияны жасасуды ұйғарды және төмендегілер туралы уағдаласты:

 

I бөлім

Анықтамалар

 

1-бап

 

1. Осы Конвенцияда пайдаланылатын анықтамалардың төмендегідей мағыналары бар:

а) "консулдық мекеме" - кез келген бас консулдықты, консулдықты, вице-консулдықты және консулдық агенттікті білдіреді;

b) "консулдық округ" - консулдық қызметті орындау үшін консулдық мекемеге бөлініп берілген ауданды білдіреді;

с) "консулдық мекеме басшысы" - осы сапада іс-әрекет жасау тапсырылған адамды білдіреді;

d) "консулдық лауазымды адам" - консулдық мекеменің басшысын қоса алғанда, осы сапада консулдық қызметтерді орындау тапсырылған кез келген адамды білдіреді;

е) "консулдық мекеме қызметкері" - консулдық мекемеде әкімшілік және техникалық міндеттерді орындайтын кез келген адамды, білдіреді;

f) "қызмет көрсетуші персонал қызметшісі" - консулдық мекемеге қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді орындайтын кез келген адамды білдіреді;

g) "консулдық мекеменің қызметкері" - консулдық лауазымды адамды, консулдық мекеме қызметкерін және қызмет көрсетуші персоналдың қызметшісін білдіреді;

h) "жеке үй қызметшісі" - консулдық мекеме қызметкерінің жеке үй қызметінде ғана тұрған адамды білдіреді;

і) "отбасы мүшесі" - консулдық мекеме қызметкерінің жұбайын (зайыбын), балаларын және, егер олар онымен бірге тұрып жатса және оның асырауында болса, оның ата-аналарын білдіреді;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом