Введите номер документа
Прайс-лист

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер үшін әскери кадрлар даярлау туралы КЕЛІСІМ (Мәскеу қ. 2005 ж. 23 маусым)

Информация о документе
Датачетверг, 23 июня 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 23 июня 2005

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына
мүше мемлекеттер үшін әскери кадрлар даярлау туралы
КЕЛІСІМ
(Мәскеу қ. 2005 ж. 23 маусым)

 

ҚР Президентінің 2006.25.04. № 101 Жарлығымен бекітілді

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттер,

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (бұдан әрі - Ұйым) мақсаттары мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып,

әскери кадрлар даярлау саласын Тараптар қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының өзара тиімді іс-қимылдарын қамтамасыз етудің және олардың арасындағы одақтастық қатынастарды дамытудың аса маңызды факторларының бірі деп санай отырып,

ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің көп жақты күштері мен құралдарының алдында тұрған талаптарға жауап беретін Тараптардың әскери кадрларын даярлау деңгейін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

1-бап

 

Осы Келісімде қолданылатын төменде келтірілген терминдер мынаны білдіреді:

"әскери оқу орны" - Тараптардың әскери кадрларын даярлау жүзеге асырылатын жоғары, орта және қосымша кәсіптік білім беретін білім беру мекемелері және әскери бөлімдер;

"жіберуші Тарап" - өзінің әскери қызметшілерін басқа Тараптардың әскери оқу орындарында даярлау үшін жіберетін Ұйымға мүше мемлекет;

"қабылдаушы Тарап" - басқа Тараптардың әскери қызметшілерін өзінің әскери оқу орындарында даярлау үшін қабылдайтын Ұйымға мүше мемлекет;

"беруші Тарап" - басқа Тарапқа оқу-әдістемелік құралдарды, оқу әдебиетін және оқу-материалдық базасының элементтерін беретін Ұйымға мүше мемлекет.

 

2-бап

 

Тараптардың мақсаты келісілген мамандықтар мен оқу бағдарламалары бойынша Ұйымға мүше мемлекеттердің қарулы күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін әскери кадрлар даярлаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру және дамыту болып табылады.

 

3-бап

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами