«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді
қарау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 196 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығымен күші жойылды
Ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 23 тамыздағы № 556 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2045 болып тіркелген және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің Бюллетенінде 2003 жылы № 7 болып жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың және Нұсқаулықтың барлық мәтіні бойынша:
«Астана, Алматы қалалары ішкі істер Бас басқармасының, облыстардағы ішкі істер Бас Басқармасының - ішкі істер Басқармасының», «облыстардың ішкі істер Бас Басқармасына - ішкі істер Басқармасына (бұдан әрі - ІІББ-ІІБ)», «Астана, Алматы қалаларының ІІББ, облыстардағы ІІББ-ІІБ», «ІІББ-ІІБ» деген сөздері тиісінше «Астана, Алматы қалаларының және облыстардың Ішкі істер департаменттері», «облыстардың Ішкі істер департаменттері (бұдан әрі - ІІД)», «ІІД» деген сөздермен ауыстырылсын;
бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: