Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 455 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 222 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру жөніндегі конкурстық комиссиялар құрамына енгізілсін:
Зайсан көлі, Бұқтырма және Шүлбі су қоймалары, Ертіс өзені және Қ. Сәтпаев атындағы канал бойынша:
Белихин - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің
Иван Васильевич орынбасары;
көрсетілген құрамнан Кәрімов Айбек Мүталапханұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |