Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының медальдары туралы
ҚР Үкіметінің 2006.27.05. № 461 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 21-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдарындағы қызметтің беделін көтеру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының мынадай медальдары тағайындалсын:
1) «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін»;
2) «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері»;
3) І, II, III дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін».
2. Қоса беріп отырған:
1) осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдары медальдарының сипаттамалары;
2) осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдары медальдарымен наградтау ережелері;
3) осы Жарлықтың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының медальдарына куәліктердің сипаттамалары мен үлгілері бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының медальдары мен оларға куәліктерді дайындау жөніндегі шығыстар заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар органдарын ұстауға көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2006 жылғы
№
«Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалі
Қағаз мәтініне қараңыз
«Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» медалі
Қағаз мәтініне қараңыз