«III сайланған Алматы қаласы Мәслихатының 2005 жылғы 24-наурыздағы
XIV сессиясының «Алматы қаласы әкімдігі жанындағы, сондай-ақ Алмалы,
Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу жане Түрксіб аудандары бойынша Кәмелетке
толмағандардың ісі және олардың құқтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамын бекіту туралы» № 136 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
2006 жылғы 15 мамырдағы Алматы қаласы Мәслихатының III сайланған
XXIII сессиясының № 252 шешімі
Алматы қаласы Мәслихатының 2007 жылғы 5 маусымдағы № 355 шешімімен күші жойылды
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Бостандық, Медеу және Түрксіб аудандары бойынша Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кейбір мүшелерінің басқа жұмысқа өтуіне және оның құрамына жаңа мүшелерді енгізуге байланысты III сайланған Алматы қаласының Мәслихаты шешім қабылдады:
III сайланған Алматы қаласы Мәслихатының 2005 жылғы 24-наурыздағы XIV сессиясының «Алматы қаласы әкімдігі жанындағы, сондай-ақ Алмалы, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандары бойынша Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» № 136 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешімнің қосымшасына: