Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 923 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 9 маусымдағы № 534 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 9 июня 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 21 октября 2009

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 923 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 9 маусымдағы № 534 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде салынған тұрғын үйді Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 қыркүйектегі № 923 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 33, 443-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде салынған тұрғын үйді Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесінде:

6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйді сату кезінде әлеуметтік сала мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлеріне мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері жатқызылады:

косметологиялықты қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;

осы қызмет түрлерін жүргізу құқығына арналған тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту; бастауыш, негізгі, орта, қосымша жалпы білім беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру; қайта даярлау және біліктілікті арттыру саласында қызметтер көрсету;

ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнесті қоспағанда), тарихи және мәдени мұраны, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнінде қызметтер көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызмет;

кітапханалық қызмет көрсету.

Әлеуметтік сала мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлеріне сондай-ақ мынадай шарттарға сәйкес келетін мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері жатады:

мүгедектердің саны қызметкерлердің жалпы санының кемінде 51 пайызын құрайды;

мүгедектерге еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 пайыз) құрайды.

Жоғарыда көрсетілген шарттарды растау үшін әлеуметтік сала мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлері уәкілетті органға мүгедектердің саны және (немесе) мүгедектерге еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстардың еңбекақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардағы мөлшері туралы тиісті анықтаманы ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген ережелер акцизделетін тауарларды өндіру мен сату жөніндегі қызметтен және акцизделетін қызмет түрлерінен кірістер алатын мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты қолданылмайды.";

7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

"Бұл ретте тұрғын үйді сатып алу-сату шартында Қазақстан Республикасының азаматында үш жылдың ішінде тұрғын үйді сатуға құқығының жоқ екендігі туралы ереже қамтылуға тиіс.";

8-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами