Введите номер документа
Прайс-лист

2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасындағы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу туралы ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісім (Жоба) (2006 жыл 13 маусым)

Информация о документе
Датавторник, 13 июня 2006
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 13 июня 2006

Жоба

2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы
келісімге қатысушы мемлекеттердің кеден органдары арасындағы тауарлар
мен көлік құралдарын өткізу туралы ақпарат алмасуды ұйымдастыру туралы келісім

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 13 маусымдағы № 545 Қаулысымен жобасы мақұлданды

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтерi

Тараптар мемлекеттерінің кедендік шекаралары арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,

Тараптар мемлекеттерінің кедендік шекаралары арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу рәсімдерін жеделдету мен оңайлатуға, заңсыз өткізудің алдын алуға және Тараптар мемлекеттерінің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ниет ете отырып,

ақпарат өңдеудің қазіргі заманғы тәсілдерін пайдалану мен ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану аясын  кеңейтуге осы мақсаттарда шаралар қабылдай отырып,

мына төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары БЭК құруға бағытталған халықаралық шарттарға, Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларына және осы Келісімге сәйкес өз құзыреттерінің шеңберінде кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды жетілдіру, Тараптар мемлекеттерінің кедендік шекаралары арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу туралы ақпарат алмасуды ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдайды.

Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу екі жақты және/немесе көп жақты негізде жүзеге асырылуы мүмкін.

 

 

2-бап

 

Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары осы Келісімнің негізінде ақпарат алмасуды ұйымдастырудың техникалық жағдайларын әзірлеу басталғанға дейін мыналарды:

ақпараттың құрамын;

алмасуға қатысушыларды;

ақпараттық өзара іс-қимыл деңгейлерін;

техникалық іске асыру үшін жауаптыларды;

басқа да мәліметтерді әзірлейді және келіседі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами