Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы
Қазақстан Республикасынан Каспий теңізі және Әзірбайжан Республикасының
аумағы арқылы мұнайды Баку - Тбилиси - Джейхан жүйесімен халықаралық
нарықтарға тасымалдауға жәрдемдесу және оны қолдау жөніндегі шарт
(Алматы қ., 2006 жыл 16 маусым)
2008 жылғы 28 мамырдағы № 35-ІV ҚР Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы,
мұнайды Әзірбайжан Республикасының аумағы арқылы халықаралық нарықтарға одан әрі тасымалдау мақсатында Каспий теңізінің қазақстандық жағалауындағы мұнайды ағызу/құю терминалдарынан Каспий теңізінің әзірбайжандық жағалауындағы мұнайды ағызу/құю терминалдары арқылы Баку - Тбилиси - Джейхан (БТД) жүйесіне дейін тасымалдау үшін транскаспий жүйесін құруға жәрдемдесуге ниет білдіре отырып;
транскаспий жүйесінің мақсаты мұнайды халықаралық нарықтарға тасымалдау болып табылатынын және БТД жүйесі Қазақстан Республикасында өндірілетін мұнайды халықаралық нарықтарға экспорттау үшін Әзірбайжан Республикасының аумағы арқылы негізгі бағыт болып табылатынын назарға ала отырып;
БТД жүйесі мен транскаспий жүйесі екі бөлек жүйені білдіре отырып, біріге келгенде біртұтас энергетикалық тасымалдау дәлізін құрайтынын және Қазақстан Республикасынан халықаралық нарықтарға мұнай тасымалдау үшін жағдай жасауға ықпал ететінін ескере отырып,