«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет
түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді белгілеу,
Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға
арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы
29 қаңтардағы № 17 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы № 124 Қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.17.06. № 132 Қаулысымен күші жойылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына, 45-бабының 4-тармағына, 49-бабына және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: