Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен
Армения Республикасы Аумақтық басқарма министрлігі арасындағы
Мұрағат ісі саласында ынтымақтастық туралы
келісім
(Ереван қ. 2005 жыл 12 қазан)
2006 жылдың 11 сәуірде күшіне енді
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі мен Армения Республикасы Аумақтық басқарма министрлігі Тараптар ретінде, мәдени және ғылыми байланыстарды дамытудың маңыздылығын растай отырып, мұрағат ісі саласында өзара тиімді ынтымақтастық орнату ниетін ескеріп, мұрағаттық ақпараттарға қол жеткізу адамның негізгі құқықтарының бірі екендігін мойындай отырып, 1999 жылғы 4 маусымда Минск қаласында өткен ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің мұрағаттық ақпараттарды пайдалану төңірегіндегі өзара әрекет ету принциптері мен нысандары туралы Келісім ережелерін назарға ала отырып, мыналар туралы келісті:
1-бап
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің атынан бұл Келісімді Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті, Армения Республикасының Аумақтық басқарма министрлігі атынан Арменияның Ұлттық Мұрағаты жүзеге асырады.
2-бап
Тараптар ынтымақтастықты жалпыға бірдей хапықаралық құқық нормалары мен принциптеріне, мәдениет пен мұрағат ісі саласындағы тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес теңдік және түсіністік негізінде дамытатын болады.
3-бап
Тараптар өздеріне қарасты мемлекеттік мұрағаттарда тиісінше Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы халықтарының тарихына қатысты құжаттарды іздеп табуға, сақтауға және кеңінен пайдалануға жағдай жасайды.
4-бап