«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін
әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 74
бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2006 жылғы 24 шілдедегі № 199 Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 352 бұйрығымен күші жойылды
Әділет органдарының Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеу мәселелері жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 74 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3513 болып тіркелген, 2005 жылы 29 шілдеде № 137-138 «Юридическая газетінде» жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 18 маусымдағы № 160 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықта: