Табиғи монополиялар салаларында қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 19 шілдедегі № 177-НҚ Бұйрығы
(2015.21.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013.19.07. № 215-НҚ бұйрығымен орыс тілдегі мәтінінің күші жойылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 23) тармақшасына, 14-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, 14-1-бабы 1-тармағының 4-1) және 5) тармақшаларына сәйкес бұйырамын:
1. «Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3531 нөмірмен тіркелген, «Ресми газетте» 2005 жылғы 30 сәуірде № 18 нөмірінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 наурыздағы № 85-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесінде:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) уәкілетті орган - табиғи монополия аясындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
7-тармақта:
1) тармақшада «табиғи монополиялар салаларындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органға» деген сөздер «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;