«Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына
жатқызу және кедендік ресімдеудің оңайлатылған тәртібін қолдану ережесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі - Қаржы министрлік
Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2006 жылғы 5 шілдедегі № 231 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 371, 382, 470-баптарына сәйкес бұйырамын:
1. «Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызу және кедендік ресімеудің оңайлатылған тәртібін қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы № 240 бұйрығына (Нормативтік құқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3757 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 17, 136-құжат, 2005 жылғы № 45 (254) «Ресми газетте» жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«СЭҚ-қа қатысушының мәлімдемесін тіркеген сәттен бастап үш күн ішінде уәкілетті орган оның тіркелген және кедендік ресімдеу жүргізген орыны бойынша облыстар (республикалық, астана мәніндегі қалалар) бойынша аумақтық бөлімшелер мен кедендерден (бұдан әрі - кеден органы) СЭҚ-қа қатысушының осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы растауға cұpay салады.
СЭҚ-қа қатысушыны тіркеу орны бойынша кеден органы уәкілетті органның сұрау салуы келіп түскеннен кейін бір апта мерзімінде тексерістің түрін айқындайды және бұл туралы уәкілетті органды хабардар етеді.