Жоба
2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық
кеңістік құру туралы келісімге қатысушы
мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметінің
бірыңғай тауар номенклатурасы туралы
келісім
ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 587 Қауысымен мақұлданды
2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, бұдан әрі - Тараптар, теңдік және өзара пайда негізінде Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберіндегі көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өздерінің адалдықтарын растай отырып,
сыртқы экономикалық қызметті реттейтін нормативтік және құқықтық кесімдерді біріздендіруге, кедендік рәсімдерді, алымдарды және статистикалық деректерді салыстыруды оңайлатуға ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
1. Сыртқы экономикалық қызметтің тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын жүзеге асыру, статистикалық есеп жүргізу мен статистикалық ақпарат алмасуды жетілдіру үшін Тараптар Біртұтас экономикалық кеңістіктің Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы (бұдан әрі - БЭК СЭҚ ТН) ретінде Дүниежүзілік кеден ұйымының тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестірілген жүйесіне (бұдан әрі - ҰЖ) негізделген он таңбалы тауар номенклатурасын қабылдайды.
2. БЭК СЭҚ ТН YЖ-ның төртінші басылымының негізінде қалыптасады (2007 жылғы YЖ).
3. Осы Келісімде Тараптарға өздерінің сыртқы экономикалық қызметінің ұлттық тауар номенклатурасында тауарларды он таңбалы сандық кодтан асатын неғұрлым терең жіктеу үшін кіші бөлімдер жасауға ешқандай тыйым салынбайды.
2-бап
1. Біртұтас экономикалық кеңістіктің комиссиясы БЭК СЭҚ ТН жүргізуді оған жалпы кедендік тарифті қалыптастыру жөніндегі өкілеттілік берілгеннен кейін жүзеге асырады.