Введите номер документа
Прайс-лист

« Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2006 жыл 29 маусым) (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 29 июня 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 марта 2007

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті
өзін-өзі басқару туралы

 

ҚР Үкіметінің 2006.29.06. № 594 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 13 наурыздағы № 188 Қаулысымен қайтарып алынды

 

Осы Заң жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың құқықтық, экономикалық және қаржылық негіздерін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін және Қазақстан Республикасында оны жүзеге асырудың кепілдіктерін анықтайды.

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың

Негіздерi

 

1. Қазақстан Республикасында тұрғын халықтың жергілікті маңызы бар мәселелерді дербес шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады.

2. Жергілікті өзін-өзі басқару ретінде жергілікті қоғамдастық шегінде жүзеге асырылатын және осы Заңда, басқа да заңнамалық актілерде, жергілікті қоғамдастық жарғысында белгіленген тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өз жауапкершілігіне ала отырып шешетін әкімшілік-аумақтық бірліктегі тұрғын халықтың қызметін дербес ұйымдастыру жүйесі ұғынылады.

3. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тікелей еркін сайлау арқылы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы және басқа да органдары арқылы жергілікті қоғамдастық мүшелері жүзеге асырады.

Жергілікті өзін-өзі басқару тұрғын халық топтары жинақы тұратын ауыл (село), кент, қаладағы аудан, қала аумақтары шегінде жеке жүзеге асырылады.

Бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында, осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бір жергілікті қоғамдастық құрылуы мүмкін.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада өз қызметін дербес жүзеге асыратын бірнеше жергілікті қоғамдастық құрылуы мүмкін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами