Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы
ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 602 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адамның өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны және тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін химиялық өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылды:
1) дайын өнім - өндірістің барлық технологиялық сатыларынан өткен және адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін немесе өндіріс үшін, оның ішінде, дайындаушы кәсіпорын шығарған түрде пайдаланылуға жарамды өнім;
2) өтініш беруші (өндіруші, жеткізуші, импорттаушы) - белгіленген тәртіпте химиялық өнімдерді тіркеуді және олардың сәйкестігін растауды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) химиялық өнімдердің жіктемесі - химиялық өнімдердің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес өндіру, пайдалану және қайта өңдеу кезінде қауіпті немесе әлеуетті қауіпті химиялық өнімдердің барлық қасиеттерін сәйкестендіру;
4) қауіпті химиялық өнімдер - құрамына осы Заңның 5-бабының 4-тармағында айтылған санаттардың біріне жататын кемінде бір химиялық зат кіретін химиялық өнімдер;
5) қауіп-қатерді бағалау - қауіптіліктің, дозаның (концентрацияның), қауіптілік деңгейін қамтитын адамның денсаулығы мен өміріне, қоршаған ортаға ықтимал әсер етуді анықтауға бағытталған шаралар кешені;
6) қауіпсіздік паспорты - химиялық өнімдердің сипаттамалары және олармен қауіпсіз жұмыс жасауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы мәліметтер бар құжат;