Жоба
2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру
туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағынан шығарылатын
тауарлардың кері экспортының тәртібі туралы
келісім
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 614 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
сыртқы экономикалық қызмет саласындағы олардың өзара мүдделерін қамтамасыз етуде және қорғауда бір-біріне жәрдемдесуге ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мәні Тараптар бұл тауарлар шығарылатын мемлекеттердің кедендік аумағынан әкетуге қатысты оларды өз мемлекетінің кедендік аумағынан әкету кезінде тарифтік және/немесе тарифтік емес реттеу шараларын қолданатын тауарлардың кері экспорты болып табылады.
Осы баптың бірінші абзацында көрсетілген тауарлардың кері экспорты тауарлар шығарылатын елдің уәкілетті органы берген тиісті түрде ресімделген жазбаша рұқсат болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы Келісім күшіне енген күнінен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің уәкілетті органдары кері экспорты уәкілетті органның кейіннен оларды Тараптарға хабарлау yшін кейіннен оларды жыл сайын нақтылай отырып, үлгі нысанға сәйкес ресімделген, тиісті түрде ресімделген жазбаша рұқсаты болған кезде ғана жүзеге асырылуы мүмкін тауарлардың тізімдерін (бұдан әрі - Тауарлардың тізімдері) БЭК Комиссиясына жібереді.
Тауарлар тізімдерінің үлгі нысаны қоса беріледі және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
2-бап
Осы Келісімнің мақсаты үшін 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекет болып табылмайтын елге кейіннен әкету мақсатында екінші Тараптың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Тараптардың бірінің мемлекетінің кедендік аумағынан шығарылатын тауарларды соңғы мемлекеттің кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуі кері экспорт деп түсініледі.