«Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 253
бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 29 тамыздағы
№ 331 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық органдарында мүлікті жария ету жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 253 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 12 шілдеде № 4288 болып тіркелген, «Заң газетінде» 2006 жылғы 19 шілдедегі № 132 (1112) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта «мүлікті» деген сөздің алдынан «ақша қаражаттарын қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық органдарында мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
13-тармақта «Маман» деген сөз «ақша қаражаттарын қоспағанда, мүлікті жария ету жағдайында маман» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақта «жария етуге ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын: