Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу агенттігінің мәселелерi
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 8 тамыздағы № 744 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат; 2000 ж., № 54, 593-құжат; 2001 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4-5, 43-құжат; 2002 ж., № 26, 272-құжат; № 45, 445-құжат; 2003 ж., № 12, 130-құжат; № 16, 160-құжат; 2004 ж., № 13, 166-құжат; № 21, 267-құжат; № 27, 344-құжат; № 48, 590-құжат; 2005 ж., № 16, 189-құжат; № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; № 49, 623-құжат; 2006 ж. № 7, 50-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі 100»;
2) «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 55 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., № 5, 38-құжат):