Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының «Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті
жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру
ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 274 қаулысына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы № 156 қаулысы
Сақтандыру қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Агенттік Басқармасының «Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 274 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3190 тіркелген, 2005 жылы 12 тамызда «Заң газеті» газетінде жарияланған) Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы № 308 қаулысымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3849 тіркелген) енгізілген толықтырумен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының өз сақтанушыларына заемдар беру ережесінде:
3-тармақтың бірінші сөйлеміндегі "негізгі" деген сөз алып тасталсын;
4-тармақтың үшінші абзацындағы «жинақтаушы сақтандыру» деген сөздер «заем» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "негізгі" деген сөз алып тасталсын;
6-тармақта:
3) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) жинақтаушы сақтандыру шартына сәйкес сақтандырушының талабы бойынша өзге де құжаттарды береді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: