«2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы
келісімге қатысушы мемлекеттердің өзара саудасындағы сандық шектеулерді
кезең-кезеңімен жою туралы келісімге қол қою туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 611 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің өзара саудасындағы сандық шектеулерді кезең-кезеңімен жою туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі Владимир Сергеевич Школьникке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің өзара саудасындағы сандық шектеулерді кезең-кезеңімен жою туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |