Жоба
Yшінші елдерге жеткізілетін тауарларға қатысты
әкетілетін кедендік баж туралы келісім
ҚР Үкіметінің 2006.30.06 № 612 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2003 жылғы 19 қыркүйектегі Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
үшінші елдермен саудадағы келісілген тарифтік саясат Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың басты мақсаттарының бірі болып табылатынын мойындай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Әрбір Тарап осы Келісімге қол қойылған күні оларға қатысты Тараптар мемлекеттерінің заңнамаларында әкетілетін кедендік баж қолдану көзделген, үшінші елдерге жеткізілетін тауарлардың тізбесін қалыптастырады.
Тараптар осы Келісім күшіне енген күнінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде Біртұтас экономикалық кеңістік комиссиясына (бұдан әрі - БЭК комиссиясы) Тауарлар тізбесін жібереді.
БЭК Комиссиясы осы Келісім күшіне енген күнінен бастап 60 күнтізбелік күн ішінде Тараптардың мемлекеттерінде оларға қатысты әкетілетін кедендік баж қолданылатын тауарлардың жиынтық тізбесін қалыптастырады және оны Тараптарға жібереді.
2-бап
Тараптар осы Келісімнің 3-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Әкетілетін кедендік баж салынатын, үшінші елдерге жеткізілетін тауарлардың тізбесін кеңейтпейді.
3-бап
Осы Келісім кез келген Тараптың үшінші елдерге жеткізілетін тауарларға әкетілетін кедендік баж қолдану құқығына, егер ол мыналарға қатысты болса кедергі болмайды:
1) азық-түлік немесе ішкі нарық үшін айтарлықтай маңызды болып табылатын өзге тауарлардың ішкі нарығында тауарлардың дағдарысты жетіспеушілігін болдырмау не азайту үшін тауарлар экспортына уақытша шектеулер енгізу;
2) қоғамдық моральді қорғау;
3) адамның өмірі мен денсаулығын, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау;
4) алтын мен күмістің экспортын реттеу;
5) көркем, тарихи немесе археологиялық құндылықтардың ұлттық қазыналарын қорғау;
6) осы Келісімнің ережелеріне қайшы келмейтін заңдарды немесе нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;