Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
Актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2007 ж. 2 наурыздағы № 237-III ҚР Заңың қара
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 729 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне(Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2006 жылғы 27 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 29 маусымда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 маусымдағы Заңы; 2006 жылғы 18 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2006 жылғы 18 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзара сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңы):
1) 991-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өнертабысқа құқық инновациялық патентпен немесе патентпен, ал пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге құқықтар патентпен қорғалады.»;
5-тармақта «Алдын ала» деген сөздер «Инновациялық» деген сөзбен ауыстырылсын;