Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың
2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 651 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Астана, Ақорда, 2006 жылғы
№ _____
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы «__»_______
№ _______ Жарлығымен
Мақұлданған
Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің бәсекеге
қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған
тұжырымдамасы
Астана
2006 жыл
Кіріспе
Қазақстан Республикасының ақпарат кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген әлем елдерінің бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2006 жылғы 1 наурыздағы шешімін орындау үшін әзірленді.