Введите номер документа
Прайс-лист

«Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметін ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 5 шілдедегі № 475 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Iшкі істер министрінің 2006 жылғы 23 тамыздағы № 419 Бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 23 августа 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 23 августа 2006
Дата последнего изменениясреда, 23 августа 2006

«Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан
Республикасы ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметін ұйымдастыру
жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2002 жылғы 5 шілдедегі № 475 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Iшкі істер министрінің 2006 жылғы 23 тамыздағы
№ 419 Бұйрығы

 

Полицияның кешенді күштері нарядтарын пайдаланудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ Ішкі істер органдарының патрульдік-күзет қызметі жұмысын реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында бұйырамын:

1. «Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметін ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 5 шілдедегі № 475 бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 1938 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл № 43-44, 725-құжат, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 441 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің төрағасына, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, оқу орындарының бастықтары:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының патрульді-бекеттік қызметін ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықта:

барлық мәтін бойынша «IIББ-IIБ», «Көліктегі IIБ» деген аббревиатуралар «IIД», «Көліктегі IIД» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;

барлық мәтін бойынша «ТЖА» деген аббревиатура «ТЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!