Введите номер документа
Прайс-лист

АЛҚАБИ ЖАДЫНАМАСЫ (2006 жыл)

Информация о документе
Датапятница, 1 сентября 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 1 сентября 2006
Дата последнего измененияпятница, 1 сентября 2006

АЛҚАБИ ЖАДЫНАМАСЫ

 

1. Алқабидің рөлі

 

Алқаби болу - Сіздің Қазақстан Республикасының облыстық және оған теңестірілген сотында атқарғалы отырған құрметті міндетіңіз. Сіз сот төрелігін жүзеге асыруда көрнекті тұлғаға айналасыз.

«Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, «алқаби - соттың кылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы».

 

2. Алқабилер тізімдерін жасаудың тәртібі

 

Алқабилер тізімдері жыл сайын жасалады әрі бірыңғай және қосалқы тізімдер болып бөлінеді.

Облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы соттың бірқалыпты жұмысы үшін қажетті алқабиге кандидаттардың саны туралы ұсынымды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына уақытында енгізеді.

Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы жоғарыда аталған ұсынымға сәйкес әрбір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) алқабиге кандидаттардың санын айқындайды және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарын алқабиге кандидаттардың саны туралы хабардар етеді.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы тиісті ауданның сайлаушыларының тізімдерінің негізінде әкімшілік-аумақтық бірлікте тұрақты тұратын азаматтардың санының ішінен алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы тізімін жасайды.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы тізімінің жасалғаны туралы жұртшылықты хабардар етеді және бұдан кейін тілек білдірушілердің бәрінің жеті күн мерзім ішінде осы тізіммен танысуын қамтамасыз етеді, тізімдегі қателер мен дәлсіздіктер туралы өтініштерді қарайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом