Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелерi
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 930 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Қабылданды- ҚР 2007.21.07 № 308-III Заңын қара
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжат; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж.; № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; 2006 жылғы 11 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 8 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот сараптамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі Заңы; 2006 жылғы 14 шілдеде "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 14 шілдеде "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы):
1) 41-баптың ескертуі алынып тасталсын;
2) 51-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: