ҚАРЫЗ №____ KZ
ҒЭҚ ТРАСТ-ҚОРЫНЫ ГРАНТЫ №____ TF
2007 жылғы 7 маусымдағы № 261-III ҚР Заңымен ратификацияланды
Ғаламдық экологиялық қор
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МЕН
Ғаламдық экологиялық қордың
атқарушы ұйымы ретінде қатысушы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI
арасындағы
Траст-қордың гранты туралы келісім
(Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін
ұлғайту жобасы)
200__ жылғы _________
ҒЭҚ ТРАСТ-ҚОРДЫҢ ГРАНТЫ №___ TF
ҒАЛАМДЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚОРДЫҢ
ТРАСТ-ҚОРЫНЫҢ ГРАНТ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМI
ҒЭҚ қатысушылары болып табылатын Банктің бірқатар мүшелері ҒЭҚ Траст-Қорына берген грант қаражатына қатысты ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Алушы) мен Ғаламдық Экологиялық Қордың (ҒЭҚ) атқарушы ұйымы ретінде қатысушы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ (Банк) арасындағы 200___ жылғы_______ КЕЛІСІМ.
(А) Банктің Атқарушы директорларының 1991 жылғы 14 наурыздағы № 91-5 Қарарына сәйкес Банк ғаламдық қоршаған ортаны қорғау және экологиялық тұрғыдан кінәратсыз және орнықты экономикалық дамуға жәрдемдесу мақсатында FЭҚ құрғанын;
(B) ҒЭҚ қайта ұйымдастырылғаннан кейін осындай уағдаластық Банктің Атқарушы директорларының 1994 жылғы 24 мамырдағы № 94-2 Қарарына сәйкес ұзартылғанын, ол басқалармен қатар ҒЭҚ Траст-Қорын тағайындап, Банкті ҒЭҚ Траст-Қорының қамқоршысы етіп белгілегенін (№ 94-2 Қарар);
(С) Алушы осы Келісімнің (Жоба) 2-қосымшасында сипатталған Жобаның орындалатынына және басымдығына көз жеткізіп, ҒЭҚ Траст-Қорына Жобаны қаржыландыруға жәрдемдесу жөнінде сұрау салғанын және осы сұрау салу 94-2 Қарар мақұлдаған Ғаламдық Экологиялық Қорды қайта ұйымдастыру және құру туралы Құжаттың ережелеріне сәйкес мақұлданғанын;