Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 57 және 2006 жылғы 3 наурыздағы № 146 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы № 1021 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 24 октября 2006
Статус
Действующийвведен в действие с 24 октября 2006
Дата последнего изменениявторник, 24 октября 2006

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 57 және
2006 жылғы 3 наурыздағы № 146 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы
№ 1021 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға 2005 жылға кредит берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 57 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 3, 29-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салу үшін сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша 2005 жылға кредит беру ережесінде:

2-тармақтағы «2 (екі) жыл мерзіммен» деген сөздер «2007 жылғы желтоқсанда өтеу мерзімімен» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға 2006 жылға кредит берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 наурыздағы № 146 қаулысында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары:

тиісті мәслихаттар облыстық, Астана және Алматы қалаларының 2006 жылға арналған бюджеттерінде тиісті түсімдерді, сондай-ақ осы қаулының 2-тармағын орындауға байланысты бағдарлама бойынша шығыстарды көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсынсын;

«Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығына сәйкес пәтерлердің жалпы алаңының бір шаршы метрі үшін құны 56515 теңгеден аспайтын тұрғын үй салуды қамтамасыз етсін.»;

3-тармақтың 1) тармақшасындағы «2 (екі)» деген сөздер «3 (үш)» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыға сәйкес кредиттік шарттарға (келісімдерге) қосымша келісімдер жасасуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д: Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами