ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы
7 мамырдағы № 865 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2006.02.11. № 1040 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің медальдары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 7 мамырдағы № 865 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 14, 136-құжат; 2004 ж., № 26, 331-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) І, II, III дәрежелі "Әскери қызметтегі ерекшелігі үшін" 7) "Қару-жарақ пен әскери техниканы үлгілі ұстағаны және пайдаланғаны үшін".";
2) 2-тармақ «3-2» деген цифрлардан кейін «, 3-3, 3-4» деген цифрлармен толықтырылсын;
3) 3-тармақ «6-2» деген цифрлардан кейін «, 6-3, 6-4» деген цифрлармен толықтырылсын;
4) осы Жарлыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда 3-3, 3-4, 6-3, 6-4-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Астана, Ақорда, 2006 жылғы
№
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы "__"________
№___ Жарлығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 7 мамырдағы
№ 865 Жарлығына
3-3-қосымша
I, II, III дәрежелі «Әскери қызметтегі ерекшелігі үшін»
медалінің сипаттамасы
І дәрежелі «Әскери қызметтегі ерекшелігі үшін» медалі жезден жасалады және сегізбұрышты жұлдыз пішінінде болады. Медальдің қарама-қарсы жатқан жұлдыз ұштарының арасындағы көлемі - 36 мм.