«Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 229 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 437 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 554 бұйрығымен күші жойылды
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3720 болып тіркелген, 2006 ж. 2 маусымдағы № 99-100 (906) Заң газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 13 мамырдағы № 229 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларында:
1-тармақта «бұлақ каптаждарын» деген сөздерден кейін «, су құйылатын құдықтарды, су құйылатын резервуарларды, су таситын поездарды, су таситын автокөліктерді» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы санитарлық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) су таситын автокөлік - халыққа шаруашылық-ауыз суды жеткізуге арналған арнайы автомобиль көлігін құралы;
2) су алу құрылғысы - тұтынушыға су беруге арналған су объектілерінен су алу құрылғылары мен құралдардың кешені;
3) су таситын поезд - су құбыры мен орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздері жоқ елді-мекендерге шаруашылық-ауыз суды жеткізуге арналған арнайы темір жол цистерна-термостарынан және кластық вагондардан тұратын арнайы жабдықталған поезд;