«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 28 шілдедегі
№ 216-ө өкіміне толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 10 қарашадағы
№ 319-ө Өкімі
«Концессиялар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 28 шілдедегі № 216-ө өкіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген «Концессиялар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне концессия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:
«
| 10. | Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын, қаулысы сондай-ақ жүріп тұру үшін алым ставкаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің | ККМ | 2006 жылғы желтоқсан |
».
| Премьер-Министр | Д. Ахметов |