Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 24 қарашадағы
№ 1121 қаулысымен
Мақұлдаған
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ресей Федерациясы Білім және ғылым
министрлігі арасындағы Байқоңыр қаласының қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мекемелері
қызметінің жағдайы туралы
келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігі,
1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға алу шартын, 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, атқарушы билік органдарының мәртебесі және оларды қалыптастыру тәртібі туралы келісімді басшылыққа ала отырып,
оқыту тілін таңдауға Тараптар мемлекеттері азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде өзара іс-қимылдың қажеттілігін мойындай отырып,
Байқоңыр қаласының жалпы білім беретін мекемелерінің жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыла отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаты Байқоңыр қаласының қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мекемелері (бұдан әрі - қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мекемелер) қызметінің жағдайын айқындау болып табылады, олардың тізбесі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын оған қосымшада қамтылған.
2-бап
Қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мекемелер қызметі Ресей Федерациясының білім беру саласындағы заңнамасымен және Байқоңыр қаласы әкімшілігінің нормативтік кесімдерімен, сондай-ақ осы Келісімнің ережелерімен реттеледі.
3-бап
Байқоңыр қаласының әкімшілігі Ресей Федерациясының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мекемелерді тіркейді және лицензиялайды.
Қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мекемелерге басшылық жасауды, сондай-ақ олардың қызметін бақылауды Байқоңыр қаласының әкімшілігі жүзеге асырады.
4-бап