Ғарышкерлердi құтқару, ғарышкерлердiң қайта оралуы
және ғарыш кеңiстiгiне жiберiлген объектiлердiң қайтып
оралуы туралы келісім
(1968 жылғы 22 сәуiрде Мәскеу, Лондон және Вашингтон
қалаларында қол қойылған)
Келісімге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы 1997.15.05. № 106-1 ҚР Заңын қара
Уағдаласушы Тараптар
ғарышкерлерге авария, қасiрет немесе амалсыз қону жағдайында, ғарышкерлердiң қауiпсiз дереу оралуына және ғарыш кеңiстiгiне жiберiлген объектiлердiң оралуына барынша көмек көрсетуге арналған Мемлекеттердiң Айды және басқа да аспан денелерiн қоса алғанда, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану жөніндегі қызметiнiң принциптерi туралы шарттың маңызды мәнiн атап өте отырып,
бұл мiндеттемелердi дамытуға және одан әрi нақтылауға ұмтыла отырып,
халықаралық ынтымақтастыққа ғарыш кеңiстiгiн бейбiт зерттеу мен пайдалануда жәрдемдесудi тiлей отырып,
iзгiлiк сезiмiн басшылыққа ала отырып,
төмендегi туралы келiстi:
1-бап
Ғарыш кемесiнiң экипажы аварияға ұшырады, немесе қасiрет жағдайында тұр немесе өзiнiң заңды құқығындағы аумаққа немесе қандай да болмасын мемлекеттiң заңды құқығына жатпайтын ашық теңiзге немесе кез келген жерге амалсыз немесе алдын ала ойластырылмаған қонды деп мәлiмет алған немесе бiлген әрбiр Уағдаласушы Тарап, дереу:
а) ұшыруды жүзеге асырған өкiметтерге хабарлайды немесе егер ол танып-бiле алмайтын және бұл туралы ұшыруды жүзеге асырған өкiметке дереу хабарлай алмайтын болса, бұл туралы жалпы мәлiмет үшiн өзiнiң иелiгіндегі барлық тиiстi байланыс құралдарының көмегiмен дереу хабарлайды;
б) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына хабарлайды, ол бұл ақпаратты өзiнiң иелiгіндегі барлық тиiстi байланыс құралдарының көмегiмен дереу таратуы тиiс.
2-бап