«Алматы қаласының көлік жиілігін төмендет Бағдарламасын жүзеге асыруды жеделдету және автомобильдерді
қою үшін орын (тұрақтар) белгілеу шаралары туралы»
Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 2/613 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 356 Қаулысымен бекітілген Алматы қаласын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын, Алматы қаласын 2020 жылға дейін дамытудың Бас жоспарын және Алматы қаласының Әкімі 2004 жылғы 30 желтоқсанда бекіткен Алматы қаласының 2005-2007 жылдарға арналған көлік жиілігін төмендету Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қала қызметтері автотұрақтар, көлік жолайырығын салу және Алматы қаласының көшелерін ұзарту бойынша жүргізілетін жұмыстарды жандандырсын.
2. Алматы қаласының аудан әкімдері Алматы қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті (М. Ш. Мұқашев) және Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментімен (Е. А. Шорманов) бірлесіп, халықтың көп шоғырланатын жерлерінде нысан иеленушілерінің жер телімдеріндегі шектес кешелерінде кептелістерді болдырмау мақсатында үсті жабық тұрақтар мәселесін шешуді жеделдету және түрлі үлгідегі жаңа көп қатарлы үсті жабық тұрақтар құрылысының қажеттілігі бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
3. Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары (Я. И. Заяц) Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы (Қ. К. Жабағиев), Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы департаменті (С. Қ. Баймағамбетов) және «Алматыжер» МҚКК-мен (Б. Т. Жоламанов) бірлесіп, 2006 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде белгіленген тәртіп бойынша үсті жабық тұрақтар құрылысы үшін тапсырған барлық өтінімдерді қарастырсын және Алматы қаласы әкімдігінің Жер комиссиясында сол өтінімдер бойынша шешім қабылдасын.
4. «Алматыжер» МҚКК (Б. Т. Жоламанов) көлік жолайырығы құрылысына және көшелерді ұзарту үшін жер телімдерін алу үдерісін жеделдету бойынша барлық тиісті шараларды қолдансын.