Мемлекеттердiң Айдағы және басқа да аспан
денелеріндегі қызметi туралы Келісім
(Нью-Йорк, 1979 ж. 18 желтоқсан)
Келісімге қосылу туралы 1997 жылғы 15 мамырдағы № 105-1 ҚР Заңын қара
Осы Келісімге қатысушы мемлекеттер, мемлекеттердiң Айды және басқа да аспан денелерiн зерттеудегi және пайдаланудағы қол жеткiзген табыстарын атап өте отырып,
Жердiң табиғи серiгi болып табылатын Ай ғарышты зерттеуде маңызды рол атқаратындығын мойындай отырып,
мемлекеттердiң арасындағы Айды және басқа да аспан денелерiн зерттеудегi және пайдаланудағы ынтымақтастықты одан әрi дамытуға теңдiк негiзiнде жәрдемдесуге толық бел байлай отырып,
Айды халықаралық қақтығыстар ауданына айналдыруға жол бермеудi тiлей отырып,
Айдың және басқа да аспан денелерiнiң табиғи ресурстарының игеруден алынуы мүмкiн пайдаларды ескере отырып,
мемлекеттердiң Айды және басқа да аспан денелерiн қоса алғанда, ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану жөніндегі қызметiнiң принциптерi туралы шартты, ғарыш кеңiстiгiне жiберiлген ғарышкерлердi құтқару, ғарышкерлердiң қайтып оралуы және объектiлердiң қайтып оралуы туралы келісімдi, ғарыш объектiлерiне келтiрiлген залал үшiн халықаралық жауапкершiлiк туралы Конвенцияны және ғарыш кеңiстiгiне ұшырылатын объектiлердi тiркеу туралы конвенцияны еске ала отырып,
ғарыш кеңiстiгiн зерттеудiң және пайдаланудың бұдан арғы процесiн ескере отырып, осы халықаралық құжаттарды Айға және басқа да аспан денелерiне қатысты нақтылаудың және дамытудың қажеттiгiн назарға ала отырып,
мына төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
1. Айға қатысты осы Келісімнiң ережелерi осы аспан денелерiнiң кез келгенiне қатысты нақты құқықтық нормалар күшiне енген жағдайларды қоспағанда, Жерден басқа күн жүйесіндегі басқа да аспан денелерiне де қолданылады.
2. Осы Келісімнiң мақсаты үшiн Айға сiлтемелер Айдың төңiрегіндегі орбиталарды немесе Айға немесе оның төңiрегiне ұшудың басқа да траекторияларын қамтиды.
3. Осы Келісім табиғи жолмен Жер бетiне келiп жеткен жердiкiнен тыс материалдарға қолданылмайды.
2-бап