Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз
Республикасы Үкіметінiң арасындағы Инвестицияларды
көтермелеу мен өзара қорғау туралы
КЕЛIСIМ
(Алматы қ. 1997 ж. 8 сәуiр)
1997 жылғы 28 қазандағы № 174-1 ҚР Заңымен бекітілді
Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі,
инвестицияларды қолдау мен өзара қорғаудың екi Уағдаласушы Тарап арасындағы өзара тиiмдi сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық интымақтастықтың дамуына жәрдемдесетiнiн, сондай-ақ екi мемлекеттiң де игiлiктi тұрмысын арттыратынын ұғына отырып,
бiр Уағдаласушы Тарап инвесторларының екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында инвестиция жасауы үшiн қолайлы жағдай жасауға ұмтыла отырып,
теңдiк, өзара құрметтеу, егемендiк және өзара тиiмдiлiк принциптерiне сүйене отырып,
мыналар жөнiнде келiстi:
1-бап
Анықтамалар
Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн:
1. "Инвестициялар" терминi бiр Уағдаласушы Тараптың инвесторы екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында салған кез келген актив дегендi бiлдiредi, атап айтқанда, бiрақ тек бұл ғана емес:
а) қозғалатын және қозғалмайтын мүлiк және аманаттық, ипотеканы немесе өзге кепiлдi ұстап қалу құқығын қоса алғанда, оларға байланысты кез келген басқа мүлiктiк құқықтар және банк шоттарындағы және басқа қаржы мекемелеріндегі ақша қаражаты;
б) акциялар, салымдар (пайлар), облигациялар және кәсiпорындарға, шаруашылық серiктестiктерi мен қоғамдарға, бiрлестiктер мен Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының заңдарына сәйкес тiркелген заңдармен танылған өзге де заңды тұлғаларға қатысудың кез келген басқа нысаны;
в) займдар, несиелер, банктiк және қаржылық мақсатты салымдар және инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты өзге де ақшалай талаптар;