Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі арасындағы Қырғыз Республикасының шетелдердегі азаматтары мен заңды ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі және Қырғыз Республикасына келу үшін визалар беру жөніндегі өкілеттіктерін беру туралы» келісім (Бішкек қ., 1996 жыл 2 тамыз)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 2 августа 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 2 августа 1996
Дата последнего измененияпятница, 2 августа 1996

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Республикасының
Сыртқы істер министрлігі  арасындағы Қырғыз Республикасының шетелдердегі азаматтары мен
заңды ұйымдарының құқықтары мен  мүдделерін қорғау жөніндегі және Қырғыз Республикасына
келу үшін визалар беру жөніндегі өкілеттіктерін беру туралы
келісім
(Бішкек қ., 1996 жыл 2 тамыз)

 

ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 15 қазандағы № 1042 Қаулысымен келісім бекітілді

 

Бұдан әрі қарай «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ташкент қаласында 1995 жылғы 1 қарашада болып өткен сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес

мына төмендегілер жөнінде келісті:

 

1-бап

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасының шетелдердегі азаматтары мен заңды ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі және Қырғыз Республикасының аумағына келу үшін шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға виза беру жөніндегі өкілеттіктерін - осы елдерде Қырғыз Республикасының дипломатиялық өкілдіктері немесе консулдық мекемелері болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының үшінші бір елдердегі дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне, сондай-ақ Қырғыз Республикасына келуге визалар беру жөніндегі өкілеттіктерін - Қазақстан Республикасы Сыртқыісминінің Алматы қаласы әуежайындағы консулдық пунктіне береді.

 

2-бап

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері Қырғыз Республикасының шет елдердегі азаматтары мен заңды ұйымдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері осындай мәліметтер алынғаннан кейін 7 күннен кешіктірмей Қырғыз Республикасының Сыртқыісминіне Қырғыз Республикасы азаматтарының өздері барған елінде ұсталу және тұтқындалу фактілері туралы хабарлайды.

 

3-бап

Қазақстан Республикасының үшінші бір елдердегі дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері және Қазақстан Республикасы Сыртқыісминінің Алматы қаласы әуежайындағы консулдық пункті Қырғыз Республикасына жол жүріп бара жатқан шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға 1 айға дейінгі мерзімге визалардың барлық санаттары мен түрлерін береді.

Ерекше жағдайларда Қырғыз Республикасының Сыртқыісмині Консулдық басқармасының растауы бойынша визалар 1 жылға дейінгі мерзімге беріле алады.

 

4-бап

Қырғыз Республикасына қызмет бабы бойынша бара жатқан шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар берудің негізі - Қырғыз Республикасы Сыртқыісминінің Консулдық басқармасының немесе оның агенттігінің растауы, ал жеке істер бойынша - Қырғыз Республикасының Ішкіісмині арқылы ресімделген, белгіленген үлгідегі шақыру болып табылады.

 

5-бап

Қазақстан Республикасының үшінші бір елдердегі дипломатиялық өкілдіктері, консулдық мекемелері және Қазақстан Республикасы Сыртқыісминінің Алматы қаласы әуежайындағы консулдық пункті Қырғыз Республикасы Сыртқыісминінің визалық қолдауы алынған күннен 7 жұмыс күнінен кешіктірмей визалар беруді жүзеге асырады.

 

6-бап

Қырғыз Республикасына келу үшін виза алған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының аумағында транзитпен 72 сағат бойы болуға құқылы. Осы мерзім өтіп кеткен жағдайда олар белгіленген тәртіпте қазақстандық транзиттік визаны ресімдеуге тиіс.

 

7-бап

Консулдық алымдар мен нақты шығыстар Қазақстан Республикасының Консулдық алымдар тарифіне сәйкес алынады.

 

8-бап

Қазақстан Республикасының Сыртқыісминіне шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерден, консулдық мекемелерден және ҚР Сыртқыісминінің Алматы қаласы әуежайындағы консулдық пунктінен түсетін консулдық алымдардың сомасы осы Келісімге сәйкес әрбір Тарапқа 50 проценттен деген есеп бойынша Министрліктер арасында бөлінуге тиісті.

Нақты шығындарды өтеу шотына түскен қаржылар Қазақстан Республикасы Сыртқыісминінің шотына толығымен есептеледі.

 

9-бап

Қазақстан Республикасының Сыртқыісмині осы Келісімге сәйкес тоқсан сайын берілген визалардың саны мен Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінен, консулдық мекемелерінен және Қазақстан Республикасы Сыртқыісминінің Алматы қаласы әуежайындағы консулдық пунктінен түскен консулдық алымдар сомасы туралы Қырғыз Республикасының Сыртқыісминіне мәліметтер тапсырады.

 

10-бап

Қазақстан Республикасының Сыртқыісмині өзаралық негізінде қажет болған жағдайда Қырғыз Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне визалық қолдау көрсетуді жүзеге асыра алады.

 

11-бап

Тараптардың әрқайсысы осы Келісімді жазбаша хабарлау жолымен бұза алады. Мұндай бұзу екінші Тараптың нотасы алынғаннан кейін алты ай өткен соң өз күшіне енеді.

 

12-бап

Осы Келісімге Тараптардың өзара келісуі бойынша ноталар алмасу жолымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

 

13-бап

Тараптар арасында осы Келісім жөнінде туындауы мүмкін барлық даулар келіссөздер мен консультациялар жолымен шешілетін болады.

 

14-бап

Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша мәлімдеме алынған күннен бастап күшіне енеді.

 

Бішкек қаласында 1996 жылғы 2 тамызда 2 дана етіп, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіннің де күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде пікір алшақтығы туған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.

 

     Қазақстан Республикасының               Қырғыз Республикасының
     Сыртқы істер министрлігі                Сыртқы істер министрлігі
              үшін                                  үшін
 
 
 

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами