Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Қазақстан Республикасы Үкіметі және Украина Yкіметі арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының ұстанымдары туралы Келісім (Алматы қ., 1996 жылғы 9 шілде)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасы Үкіметі және Украина Yкіметі арасындағы мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының ұстанымдары туралы Келісім (Алматы қ., 1996 жылғы 9 шілде)

Документ входит в комплект(ы):

Эксперт, Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасы Үкіметі және Украина Yкіметі арасындағы
мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының ұстанымдары туралы
Келісім
(Алматы қ., 1996 жылғы 9 шілде)

 

ҚР 1999.24.06 № 404-I Заңымен бекітілді

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі және Украина Yкіметi, бұдан кейiн Екi жақ деп аталады,

ұзақ мерзiмдiлік негiзiнде мамандандыру, кооперация мен технологиялық жағынан өзара байланысты өндiрiстердi сақтау және дамытудың мақсатқа сай екенiн ескере отырып,

мұнай-газ салаларындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық мақсатты бағдарламалары мен жобаларын бiрлесе отырып әзiрлеу және жүзеге асыру қажеттiгiн тани келе,

шикiзат базасын тиiмдi пайдаланудағы, мұнай-газ салаларында бiрлескен кәсiпорындар мен мемлекетаралық компанияларды ұйымдастырудағы, шаруашылық жүргiзетiн субъектiлер арасындағы нарықтық қатынастарды жетiлдiру үшiн қолайлы жағдай жасаудағы Екi жақтың өзара мүдделiгiн ескере отырып,

төмендегіге келiстi.

 

1 Бап

 

Екi жақ өзара тиiмдiлiк, өзара көмек пен бiр-бiрiнiң экономикасына зиян келтiретiн iс-әрекеттердi болдырмау негiзiнде мұнай-газ салаларындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытатын болады.

 

2 Бап

 

Екi жақ Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі мен Украинаның Мұнай, газ және мұнай өңдеу өнеркәсiбi жөніндегі мемлекеттік комитетiне меншiктiң түрлi үлгiсіндегі шаруашылық субъектiлердiң отын-энергетика ресурстары мен басқа да тауарларды өзара байланыспен жеткiзудi жүзеге асыру, сонымен қатар мұнай-газ салаларындағы жұмыстар жүргiзу және қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарын бағдарлауды қамтамасыз етудi тапсырады.

 

3 Бап

 

Екi жақ, бiрлесiп қызмет ету аймағы, барлау, мұнай және газ кен орындарын жайластыру және игеру бойынша, Қазақстан Республикасы мен Украина аумақтарындағы мұнай-газ салалары мен оның инФрақұрылымдары объектiлерiн салу және жөндеу жұмыстарының көлемi, отын-энергетика ресурстарын өңдеу және мұнай өнiмдерiмен қамтамасыз ету көлемi, сонымен қатар, қажет болған жағдайда, отын-энергетика ресурстары мен басқа тауарларды өзара жеткiзу көлемi Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі мен Украинаның Мұнай, газ және мұнай өңдеу өнеркәсiбi жөніндегі мемлекеттік комитетi арасындағы жыл сайынғы жеке хаттамаларымен анықталады. Өзара байланыспен өнiм жеткiзу және қарыздарды өтеу жауапкершiлiгi сыртқы-экономикалық келісім шарт (контракттар) көрсетiлген шарттармен шешiледi.

 

4 Бап

 

Өзара байланыспен жеткiзiлетiн өнiм, мұнымен қоса осы Келісім шарт шегiнде орындалған жұмыстар мен қызметтердi өтеу есебiне өнiм жеткiзу елге әкелу және елден шығару үшiн төленетiн кеден бажынан босатылады.

 

5 Бап

 

Екi жақтың кәсiпорындары мен ұйымдары арасындағы жеткiзiлген өнiм үшiн, сонымен қатар iстелген жұмыс пен көрсетiлген қызмет үшiн есеп айырысу келісім баға арқылы еркiн айналыстағы немесе Екi жақтың ұлттық валютасымен жүзеге асырылады.

 

6 Бап

 

Екi жақ бұлардағы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, меншiктiң түрлi үлгiсiндегі бiрлескен кәсiпорындар құруға ықпал жасайтын болады.

 

7 Бап

 

Екi жақ ұлттық энергетикалық бағдарламаларын әзiрлеуде бiрiгушiлiк байланыстарды ары қарай тереңдету, ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, мұнай-газ салаларында жаңа технологияларды енгізу мақсатымен өзара консультациялар өткiзуге келiстi.

 

8 Бап

 

Екi жақ халықаралық экологиялық стандарттарға жылдамырақ қол жеткiзудi қамтамасыз ететiн бiрыңғай әдiстемелiктер негiзiнде мұнай-газ салаларындағы экологиялық бағдарламаларды әзiрлеу және жүзеге асыру жөніндегі шараларды iске асырады.

 

9 Бап

 

Екi жақ стихиялық апаттар мен авариялар зардаптарын жою кезiнде өзара бiрлескен iс-қимыл жасайтын болады, сонымен бiрге мұнай-газ салалары объектiлерiнiң жұмыс сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын көтеру жөніндегі жекелеген бiрлескен жұмыстарын қаржыландыратын болады.

 

10 Бап

 

Екi жақ өз аумақтары арқылы өтетiн арнаулы мұнай, газ, мұнай өнiмдерi құбырларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етiп, көмiрсутегi шикiзаты мен мұнай өнiмдерiн асыра бөгетсiз жеткiзудi iске асыратын болады.

Қажет болған жағдайда Украина жағы Қазақстан жағының газын өздерiнiң жер асты сақтау орындарында сақтауды қамтамасыз етедi.

Екi жақтың қуат қорларының экспортқа асыра тасымалдаудың көлемi мен шарттары Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі мен Украинаның Мұнай, газ және мұнай өнiмдерi өнеркәсiбi жөніндегі мемлекеттік комитетi арасындағы хаттамалармен анықталады. Аталған хаттамалар осы Келісім шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.

 

11-Бап

 

Екi жақ, бұлардың мұнай-газ салаларының объектiлерiнде жұмыс iстеу үшiн тартылған мамандарға Екi жақтың қолданылып жүрген заңдарына сәйкес әлеуметтiк құқық пен кепiлдiктердi беру негiзіндегі Ұлттық режимдердi тарату жолымен қажеттi әлеуметтiк мәселелердi шешуге өзара көмек көрсететiн болады.

 

12 Бап

 

Осы Келісім шарттың қағидаларына түсiнiк беру немесе оларды қолдануға байланысты шығатын мәселелер келiссөздер мен консультациялар жолымен немесе Екi жақтың құптауға келетiн басқа да жолымен шешiлетiн болады.

 

13 Бап

 

Екi жақ Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігіне, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кеден Комитетiне және Украинаның Мұнай, газ және мұнай өнiмдерi өнеркәсiбi жөніндегі мемлекеттік комитетiне осы Келісім шарттың орындалу барысы жөнiнде тоқсан сайын мәлiмет алмасып отыруды ұйымдастыруды тапсырады.

 

14 Бап

 

Екi жақ өзара келiсе отырып, осы Келісім шартқа қажеттi толықтырулар мен өзгертулер енгiзе алады, олар тиiстi хаттамалармен ресiмделедi.

 

15 Бап

 

Осы Келісім шарт мемлекет iшіндегі қажеттi iс жосығының орындалуын куәлендiретiн жазбаша хабарламамен өзара алмасудан кейiн күшiне енедi және Екi жақтың бiрiнiң оның қызметiн тоқтататыны жөніндегі жазбаша хабарлаған күнiнен бастап алты ай мерзiм өткенге дейiн күшiн жоғалтпайды.

1996 ж. 09 шілде Киев қаласында екі түпнұсқалы данада, әр қайсысы қазақ, украин және орыс тілінде жасалды, мұндағы барлық мәтіннің заңды күші бірдей.

Осы Келісім шарттың қағидаларына түсінік беру мақсатында Екі жақ орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады.

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Украина

Үкіметі үшін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!