Введите номер документа
Прайс-лист

Резидент еместерге төленген, шартты банк салымында орналастырылған резидент еместердің табыс салығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне есептелгені туралы есепті жасау ережелері (101.09 Нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 13 декабря 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 февраля 2008

ҚР  Қаржы министрлігі  2007 жылғы 19 желтоқсандағы  № 468  бұйрығымен  2008 ж. 1 қаңтардан   бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2006 жылғы 13 желтоқсандағы

 № 637 бұйрығымен бекітілген

 

 

Резидент еместерге төленген, шартты банк салымында орналастырылған резидент еместердің табыс салығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне есептелгені туралы есепті жасау
ережелері
(101.09 Нысан)
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 198-бабына сәйкес резидент-банктер 101.09-нысан бойынша Резидент еместерге төленген, шартты банк салымында орналастырылған резидент еместердің табыс салығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне есептелгені туралы есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды.

2. Есепті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

5. Қосымша нысанның «Жалпы ақпарат» бөлімінде Есептің «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштер көрсетіледі.

6. Қосымша нысандағы көрсеткіштерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде, көрсетілген қосымша нысан міндетті түрде толтырылуы тиіс.

7. Есепті беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібінде екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен банкке қайтарылады;

2) почта бойынша банк хабарламалы тапсырысты хатпен  байланыстың почта немесе өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) келу тәртібімен электрондық түрде не электрондық почта бойынша банк Салық кодексінің 69-бабы 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Есепті қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электронды почта бойынша алады.

8. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом