Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация жасау ережесі (100-нысан) (ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006.13.12. № 637 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация жасау ережесі (100-нысан) (ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006.13.12. № 637 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)
Датасреда, 13 декабря 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 февраля 2008

Документ входит в комплект(ы):

Эксперт, Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

ҚР  Қаржы министрлігі  2007 жылғы 19 желтоқсандағы  № 468  бұйрығымен  2008 ж. 1 қаңтардан   бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2006 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 637 бұйрығымен бекітілген

 

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация жасау ережесі
(100-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленген және резидент заңды тұлғалардың, сондай-ақ Салық Кодексінің 115, 120 және 121-баптарына сәйкес әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар мен коммерциялық емес ұйымдардан, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарынан, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар мен екінші деңгейдегі банкілер, мемлекеттік мекемелер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен басқа, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың, жер қойнауын пайдаланушылардың корпорациялық табыс салығын есептеу мен кірістерді мәлімдеуге арналған табыс салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

2. Декларация Декларацияның өзінен (100-нысан) және корпорациялық табыс салығы бойынша салық салумен байланысты объектілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты ашуға оған қосымшалардан (100.01-тен 100.42 нысандар бойынша) тұрады.

3. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - нысандар айналмалы немесе қауырсын қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, тазартуға, былғауға жол берілмейді.

5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде нысанның тиісті торкөздері толтырылмайды.

6. Декларацияда қосымшаларда көрсетілуге жататын деректер жоқ болған жағдайда аталған қосымшалар берілмейді.

7. Тиісті қосымша нысанда көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтыру кезінде аталған қосымша нысандар міндетті тәртіпте толтыруға жатады.

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Демо – версия документа
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!