Введите номер документа
Прайс-лист

Салық резиденттілігін растауды алуға арналған өтінішті жасау Ережесі (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 637 бұйрығымен Бекітілген) (102.02 Нысан) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 13 декабря 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 февраля 2008

ҚР  Қаржы министрлігі  2007 жылғы 19 желтоқсандағы  № 468  бұйрығымен  2008 ж. 1 қаңтардан   бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің

Салық комитеті Төрағасының

2006 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 637 бұйрығымен Бекітілген

 

Салық резиденттілігін растауды алуға арналған өтінішті жасау
Ережесі
(102.02 Нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 68-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы жасасқан табыс пен капиталға қосарланған салықты болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы халықаралық шарттардың (бұдан әрі - халықаралық шарттар) ережелерiн шетелдік мемлекетте қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті - салық төлеушісінің резиденттілігін растайтын құжатты алуға арналған 102.02 нысаны бойынша  салық резиденттілігін растауды алуға арналған өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) жасау тәртібін айқындайды.

2. Өтінішті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, бас баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

3. Өтінішті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

5. Тиісті қосымша нысанда көрсеткіштердің ашып жазылуын талап ететін жолдарды толтыру кезінде, көрсетілген қосымша нысан міндетті тәртіпте толтырылуға жатады.

6. Қосымша нысанның «Жалпы ақпарат» бөлімінде Өтініштің «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштер көрсетіледі.

7. Өтінішті беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен - үш данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламамен тапсырысты хатпен қағаз тасығышта почта бойынша - салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами