Введите номер документа
Прайс-лист

Коммерциялық табу бонусы бойынша декларацияны жасау ережесі (520.00-нысан) (ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006.13.12. № 637 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 13 декабря 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 февраля 2008

ҚР  Қаржы министрлігі  2007 жылғы 19 желтоқсандағы  № 468  бұйрығымен  2008 ж. 1 қаңтардан   бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

Салық комитеті Төрағасының

2006 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 637 бұйрығымен бекітілген

 

Коммерциялық табу бонусы бойынша декларацияны жасау
ережесі (520.00-нысан)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Жер қойнауын пайдаланушылардың коммерциялық табу бонусы бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

2. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Кодекстің 69-бабына сәйкес толтырылады.

Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті тор көздері толтырылмайды.

4. Декларацияны беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібінде Декларация екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық органына қайтарылады;

2) қағаз тасығышта почта бойынша салық төлеуші тапсырысты хатпен байланыстың почта немесе өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) келу тәртібімен электрондық түрде не электрондық почта бойынша салық төлеуші Кодекстің 69-бабының 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Декларацияны жеткізу туралы хабарламаны салық органында немесе электронды почта бойынша алады.

5. Декларация Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

 

 

2. Декларацияны жасау (520.00 нысан)

 

6. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде мынадай деректерді көрсетеді:

1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі.

Салық кезеңі айдың рет нөмірі немесе тоқсанның рет нөміріне сәйкес келетін араб сандарымен көрсетіледі. Егер ай нөмірінде екі белгіден кем болса, онда ол оң тор көзде көрсетіледі;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом