Введите номер документа
Прайс-лист

Өндіру бонусы бойынша Декларацияны жасау ережелері (550.00-нысан) (Салық кодексін енгізуге дейін жасалған жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары бойынша салық режимінің тұрақтылығы нормаларына сәйкес салық төлеуші жасайды) (ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006.13.12. № 637 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 13 декабря 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 февраля 2008

ҚР  Қаржы министрлігі  2007 жылғы 19 желтоқсандағы  № 468  бұйрығымен  2008 ж. 1 қаңтардан   бастап күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

Салық комитеті Төрағасының

2006 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 637 бұйрығымен бекітілген

 

Өндіру бонусы бойынша Декларацияны жасау ережелері
(550.00-нысан)
(Салық кодексін енгізуге дейін жасалған жер қойнауын пайдалану
келісім-шарттары бойынша салық режимінің тұрақтылығы нормаларына
сәйкес салық төлеуші жасайды)
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 282-бабына сәйкес әзірленген және өндіру бонусын есептеуге арналған Өндіру бонусы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

2. Декларацияны жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

3. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті ұяшығы толтырылмайды.

4. Декларацияны беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібінде Декларация екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық органына қайтарылады;

2) почта бойынша салық төлеуші тапсырысты хатпен байланыстың почта немесе өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) келу тәртібімен электрондық түрде не электрондық почта бойынша салық төлеуші Салық кодексінің 69-бабы, 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электронды почта бойынша алады.

5. Декларацияға Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

 

 

2. Декларацияны жасау (550.00-нысан)

 

6. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами