Введите номер документа
Прайс-лист

Стенограмма заседания Мажилиса Парламента Республики Казахстан (17 января 2007 года)

Информация о документе
Датасреда, 17 января 2007
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 17 января 2007

Стенограмма заседания Мажилиса Парламента Республики Казахстан
(17 января 2007 года)
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ
ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ
2007 жылғы 17 қаңтар

 

Отырысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы МҰХАМЕДЖАНОВ О.Б. жүргізді.

 

ТӨРАҒА. Қайырлы таң, құрметті әріптестер! Тіркеуден өтулеріңізді сұраймын.

Тиісті жиналым бар. 77 депутаттың 61-і қатысып отыр. Белгілі себептермен бүгінгі отырысқа қатыспай отырған депутаттар: Абасов, Әбілқасымов, Әлімжанов, Жылқышиев, Итеғұлов, Итемгенов.

Мәжілістің кезекті жалпы отырысын ашық деп жариялаймын.

Құрметті әріптестер, 12 қаңтарда әріптесіміз Райымбек Аяшовтың туған күні болып өтті. 13 қаңтарда депутат Ұзаққали Биалайұлы Елеубаев 60 жасқа толды. Осыған байланысты әріптестерімізді сіздердің аттарыңыздан құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасында береке, еңбектері жемісті болсын дегім келеді.

Сонымен қатар, құрметті әріптестер, әріптесіміз Ұзаққали Биалайұлы Елеубаевтың 60 жасқа толуына байланысты Елбасы әріптесімізге өзінің Алғыс хатын жолдады және омырауға тағатын белгісін сыйлады. Оны сіздердің көздеріңізге тапсыруға рұқсат етіңіздер.

ҚОЛ ШАПАЛАҚТАУ.

ТӨРАҒА. Күн тәртібі бойынша қандай пікірлер бар, құрметті әріптестер? Депутат Таспихов.

ТАСПИХОВ А.С. Құрметті әріптестер, күн тәртібіндегі «Қазақстан Республикасының Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияға қосылуы және оны ратификациялауы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына байланысты біздің комитет өзінің қарсы пікірін білдірген болатын, яғни қорытынды берген болатынбыз. Бірақ бұл қорытынды әріптестерімізге үлестірілген жоқ. Регламент бойынша бізде негізінен бас комитеттің қорытындысы таратылады да, ал оған қарсы пікірлер біздің отырысымыздың сыртында қалып қояды. Сондықтан осы заңға байланысты біздің комитеттің қорытындысын да әріптестерімізге Аппараттың үлестіруін өтінемін.

ТӨРАҒА. Қарсылық жоқ болар. Аппарат, үлестіріңіздер. Тағы қандай ұсыныстар бар? Депутат Айталы.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом