ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен бекітілген
Жеке табыс салығы бойынша есепті жасау ережелері
(201.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген Салық кодексінің 145-бабының 1-тармағында белгіленген ставкалар бойынша жеке тұлғалар есептеген және төлеген төлем көзінен салық салынатын жеке табыс салығы бойынша кірістерді (бұдан әрі - төлем көзінен салық салынатын кірістер), Салық кодексінің 24-тарауына сәйкес бюджетке есептелген және аударылған жеке табыс салығын; ол бойынша Салық кодексінің 50-тарауында көзделген тәртіппен әлеуметтік салық есептелетін жұмыс берушінің қызметкерлердің кірістерін төлеуге шығыстарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына ұсталған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарын және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеуге арналған арнаулы салық режимдерін қолданатын шаруа (фермер қожалықтары) мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардан басқа, салық агенттерінің Жеке табыс салығы бойынша есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау ережелерін айқындайды.
2. Есеп Есептің (201.00-нысан) өзінен және қосымша нысаннан тұрады. Қосымша нысан жыл қорытындысы бойынша толтырылады және 4-тоқсан үшін Есеппен бірге, сондай-ақ «Таратылған» ұяшығын белгілеген Есепті тапсырған кезде табыс етіледі.
3. Есепті жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
4. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.