ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен бекітілген
Әлеуметтік салық бойынша декларацияны жасау ережелері
(640.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 11-тарауына сәйкес әзірленген және қозғалыс тірек аппараттары бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін, Салық кодексінің 121-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін мамандандырылған ұйымдардың әлеуметтік салықты есептеуі мен уақтылы төлеуіне арналған Әлеуметтік салық бойынша декларация (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.
2. Декларация Декларацияның өзінен (640.00-нысан) және әлеуметтік салық салынатын объект туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшадан (640.01) тұрады.
3. Декларация жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.
6. Қосымшаның “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат бөлімінде” Декларацияның “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат бөлімінде” көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
7. Декларацияны беру кезінде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламамен тапсырысты хатпен қағаз тасығышта почта бойынша-салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;