Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы(Жоба) (2006 жыл 14 желтоқсан)

Информация о документе
Датачетверг, 14 декабря 2006
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 14 декабря 2006

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама туралы

 

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама мақұлдансын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы

 

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2006 жылғы____________

№________Жарлығымен

мақұлданған

 

Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегi

Тұжырымдама

 

1. Кіріспе

 

Еліміздің дүниежүзілік экономикаға белсенді кірігуі, еліміздің егемен кредиттік рейтингінің жақсаруы, шетел инвестицияларының ауқымды көлемін тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта режимін ырықтандыру жөніндегі жоспарлары Қазақстан Республикасының орнықты дамуында сөзсіз шешуші рөл атқарады.

Сонда да, экономиканың ашықтық дәрежесін арттыруға бағытталған қадамдар, сондай-ақ толыққанды ішкі қаржы нарығын қалыптастыру қажеттілігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының республиканың экономикалық қауіпсіздігінің тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөнінде, сондай-ақ борыш құралдарының ішкі нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде бірқатар шаралар қабылдауына алып келеді.

Біріншіден, бұл - қаржы секторы тұрақтылығының қажетті  деңгейін қамтамасыз етуді және экономика салаларын дамытуды ескере отырып, несие капиталының сыртқы және ішкі нарықтарында қарыз алуды дұрыс жоспарлау мәселесі. Екіншіден, бұл - мемлекеттік сектордың борышын басқару тетіктерін жетілдіру және қажетті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жеке сектордың сыртқы борышын реттеу мәселесі.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами