Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 21 желтоқсан
№ 649 бұйрығымен
бекітілген
Міндетті зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептелген)
және аударылған сомалары, әлеуметтік аударымдардың
есептелген және аударылған сомалары бойынша
есепті тапсыру ережелері
(201.04-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» (бұдан әрі - зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» (бұдан әрі - міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң) Заңдарына сәйкес әзірленді және Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заң 22-1-бабының 2-тармағында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (есептеудің) және міндетті зейнетақы қорларына аудару ережесінің 5-тармағында, сондай-ақ Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заң 14-бабының 1-тармағында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінің 7-тармағында белгіленген мөлшерлерде жеке кәсіпкерлердің (шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды және оңайлатылған декларация және патент негізінде қоспағанда), адвокаттардың және жеке нотариустардың, сондай-ақ бір жолғы талонның негізіндегі салық режимін қолданатын жеке тұлғалардың өз пайдасына есептелген, ұсталған (есептелген) және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есептелген және аударылған сомалары бойынша есепті тапсыру (бұдан әрі - Есеп) тәртібін көздейді.
2. Есеп есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірілмей тапсырылады.
3. Есепті жасаған кезде: